Энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу, дұрыс тамақтану табақшасы

2 наурыз күні Жітіқара аудандық ауруханасының СӨС мейіргері 4–5 сынып оқушылары арасында «Энергетикалық сусындарды тұтынудың алдын алу. Дұрыс тамақтану табақшасы» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізді.

       Кездесу барысында оқушыларға энергетикалық сусындардың зияны және олардың өсіп келе жатқан ағзаға әсері туралы айтылды:

- жүрекке шамадан тыс жүктеме түсіру;

- ұйқының бұзылуы;

- зейіннің төмендеуі;

- тәуелділік қаупі.

Сонымен қатар мектеп оқушылары «Дұрыс тамақтану табақшасы» қағидатымен танысты:
• ½ табақша — көкөністер мен жемістер;
• ¼ — тұтас дәнді өнімдер;
• ¼ — ақуызға бай тағамдар;
•    жеткілікті мөлшерде су ішу.

Оқушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз әдеттерімен бөлісті.

Салауатты әдеттер бала кезден қалыптасады!
Денсаулықтарыңызды сақтап, күн сайын дұрыс таңдау жасаңыздар.