Халықаралық таза энергия күні

«Адал Азамат» бағдарламасын іске асыру аясында мектебіміздің оқушылары Халықаралық Таза энергия күніне арналған челленджге қатысуда.
Челлендждің мақсаты — таза және жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың маңыздылығына назар аудару, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және әрқайсымыздың планетаны сақтауға өз үлесімізді қоса алатынымызды көрсету 🌱⚡