Бос жұмыс орындары
- Толығырақ
- Категория: Uncategorised
- Жарияланды Дүйсенбі, 11 Тамыз 2025 11:54
- Автор: ZhanakaevE
- Қаралды: 714
Құрметті ұстаздар!!!
2024 жылдың 1 сәуірінен бастап ҰБДБ базасында "педагогтарды жұмысқа қабылдау" модулі жұмысын бастады. Модуль конкурстық процесті толығымен автоматтандырады, бос жұмыс орындарын іздеуді және өтінімдерді беруді едәуір жеңілдетеді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Әрбір тәрбиеші бос жұмыс орындарын қарау және өз кандидатураларын ұсыну үшін модульге тіркеле алады. Модуль сілтеме арқылы қол жетімді: https://hr-nobd.edu.kz Сондай-ақ, сіз мұғалімдерге арналған нұсқаулықпен таныса аласыз. Нормативтік-құқықтық база: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500035900 Жұмысқа шақырамыз! Біздің команда пікірлес адамдарды іздейді. Тарих пәнінің мұғалімі-1 ставка, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-1 ставка, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-1 ставка, математика пәнінің мұғалімі-1 ставка, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі-1 ставка, география пәнінің мұғалімі-1 ставка, информатика пәнінің мұғалімі-1 ставка, физика пәнінің мұғалімі-1 ставка, химия пәнінің мұғалімі-1 ставка, биология мұғалімі - 1 ставка, Көркем еңбек (ұлдар, қыздар) - 1 ставка, дефектолог - 1 ставка, әлеуметтік педагог-1 ставка.
Бос лауазымға орналасуға Конкурс 2025 жылғы 19 тамызда өтеді. конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.