Рады привествовать вас на нашем сайте!

Сабақтың экожүйесінен білім беру экожүйесіне көшу

2023 жылғы 19 сәуір аудандық білім беру бөлімнің жоспарына сәйкес №12 жалпы білім беретін мектепте химия және биология мұғалімдеріне арналған «Сабақтың экожүйесінен білім беру экожүйесіне көшу» облыстық практикалық навигатор өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: білім беру процесінің тиімділігін арттыру мәселелерінде педагогтердің кәсіби өзара іс-қимылына бағытталған бірыңғай кеңістік құру.

Әдістемелік іс-шараға қатысушыларға Жітіқара ауданының білім бөлімінің басшысы М.И. Бимағамбетова алғы сөзінде аудан педагогтарының жоғары кәсіби әлеуетін, олардың облыстық деңгейдегі жетістіктерін атап өтті.

Практикалық навигатордың жұмысына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдіскері Анаргүл Мусовна Аубакирова және Қостанай облысы мектептерінің химия және биология мұғалімдері қатысты.

Білім беру процесінің тиімділігін арттыру мәселелеріндегі шығармашылық бастамалар мен педагогикалық шеберлік үлгісі білім бөлімінің әдіскері Г.А.Марамзина, аудан педагогтары А.К. Алимбаева, Е.А. Якимчук, Н.Н. Аверкова, Н.А.Жиенбаева, А.Х. Калиева, Г.А.Храпунова, Р.Р. Боканова, Г.Т.Тәжібаева, Т.Т. Демесенова, Г.К.Ткенова ұйымдастырған педагогикалық алаңдардың жұмысында көрініс тапты.

Іс-шараның қорытынды бөлімінде «Ашық микрофон» ұйымдастырылды. Навигаторға қатысушылар диалог алаңының ұйымдастырылуы мен өткізу барысына жоғары бағаларын берді.

c8f16017-123f-4bab-8805-822a16019020.jpg
2abe8da4-1c07-4904-a9bf-a1eb89df522e.jpgbf67dd5b-6345-4174-b79e-7b149dd7bae6.jpg
d2355039-6001-4c8b-986d-938db50dedeb.jpg