Рады привествовать вас на нашем сайте!

«Білім алушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру мотивациясын арттыру тәсілі ретінде дене шынықтыру сабағын өткізудің стандарттан тыс нысандары»

    Жітіқара ауданының білім бөлімінің жоспары бойынша 2023 жылдың 21 сәуірінде №12 жалпы білім беретін мектеп базасында «Білім алушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру мотивациясын арттыру тәсілі ретінде дене шынықтыру сабағын өткізудің стандарттан тыс нысандары» тақырыбында дене шынықтыру мұғалімдерінің облыстық семинары өтті. Семинарға Қостанай облысы білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыс және аудан мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері қатысты.
    Семинар-практикумға қатысушыларды Жітіқара ауданының білім бөлімі басшысының орынбасары Т.К.Шармұхамбетова, өңірлік дене шынықтыру және балалар - жасөспірімдер туризм орталығының директоры К.У. Бимурзин құттықтады.
  Мектеп директоры С.Т. Маликова өз сөзінде қатысушылардың назарын дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудың маңыздылығына аударды, бұл өз кезегінде оқушылардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты сауатты ұйымдастыруға ықпал етері анық.
    №12 жалпы білім беретін мектептің педагогы Владимир Иванович Марченко «Стандарттан тыс сабақтарға стандартты емес тәсілдер» атты идеялар алаңын ұсынды. Галиаскаров Ермек Аканович «Спорттық туризм – Goodday» секциясына қатысушылардың оқу процесінің негізгі элементтерін таныстырып көрсетті.
    Семинарға қатысушылар кәсіби диалогқа белсене қатысты. 

7b0e41ca-433e-462e-a818-5645ad464888.jpga8c052ae-e301-4720-a2f9-0c9877ca192c.jpg
69dfd26b-b9b4-461c-ad5b-7e2b254e1830.jpg
56baaf12-0f72-4f63-bad0-ef7ab8157fa1.jpg
5665b25f-46e4-4341-b1f9-bbe63a633952.jpg
84f66f55-a66e-4839-865d-35d64b2f0c67.jpg