«Тәжірибені түсіну және ішкі күш»

Мектептегі ЦППР жұмысы аясында 5-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Тәжірибені түсіну және ішкі күш» тақырыбында сабақ өткізілді. Кездесу барысында ата-аналармен «Тәжірибе рюкзагы: күш құралдары» интерактиві ұйымдастырылып, оқу процесінде туындайтын қиындықтарды жеке тәжірибе мен белгілі бір құралдардың көмегімен шешуге болатыны айқындалды.
«Төңкермелер» атты ойын-дискуссия арқылы ата-аналар баланың «әлсіз тұстарын» оның «күшті жағына» сәтті айналдыра білді. «Қолдау алақаны» атты тәжірибелік бөлімде әр ата-ана өзіндегі бар күшті тұстарға назар аударды.
Барлық жаттығулар саналы ата-ана позициясын қалыптастыруға, ішкі ресурсты іздеу және нығайтуға бағытталды.

"Заң және тәртіп"

«Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында мектепте құқықтық тәрбие айлығының ашылуы және полиция бастығының орынбасары, полиция майоры Салимжанов Б.Б.-ның қатысуымен Қауіпсіздік бойынша бірыңғай сабақтар өткізілді. Іс-шара интерактивті диалог форматында өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға заңнама нормаларын сақтау, жеке және қоғамдық қауіпсіздік, құқық бұзушылықтар мен заңға қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындардағы және интернет желісіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелеріне ерекше назар аударылды.
Оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өмірлік жағдайлармен бөлісті және білікті жауаптар мен ұсыныстар алды. Осындай қарым-қатынас форматы оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, құқықтық сананы дамытуға және күнделікті өмірде заңды сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
Құқықтық тәрбие айлығын өткізу білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға бағынатын азаматтарды тәрбиелеуге және білім беру ұйымы мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.