Рады привествовать вас на нашем сайте!

Сіздерді республикалық фестивальге қатысуға шақырамыз

Барлықтарыңызды "TURAQTY JOL" Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында өтіп жатқан "Республикалық экологиялық идеялар мен стартаптар фестиваліне" қатысуға шақырамыз ???

?Фестивальге қатысу тегін. Қазақстанның кез-келген жерінен 16 жас пен 35 жас аралығындағы әрбір қалаушы қатыса алады.
⏳Өтінімді қабылдау уақыты: 2023 жылдың 20 сәуірі мен 2023 жылдың 20 маусым аралығында
Қатысу шарттары:
1️⃣1-ден 3 адамға дейін команда жинаңыз;
2️⃣Экожобаңызды немесе экостартапты дайындаңыз;
3️⃣Ережемен танысып, қатысуға өтініш беріңіз: https://drive.google.com/drive/folders/1iP-whcV1ARiAbOoIg3OvEBf_ydUgy5UL
Өтінімді онлайн түрде және барлық талаптарға сай толтырып жіберу керек:
https://forms.gle/gAikNbyquhkk4vV17
? Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Қазылар алқасының шешімі бойынша ең үздік 10 команда таңдалады, ал 20 тамыз күні Экофестивальдің бас жүлдесіне таласу үшін команда жетекшілері Алматы қаласына шақырылады.

Осы ақпаратты барынша барлық оқушылар мен студенттердің арасында таратуларыңызды сұраймыз. ??

«Мектеп балалар көзімен» әлеуметтік жобалар байқауы

Қостанай қаласында Балаларды қорғау күні қарсаңында өткен "Мектеп балалар көзімен" облыстық әлеуметтік жобалар байқауы аясында біздің мектептің оқушылары Маковкин Равиль, Гумирова Карина және Жалаушибаев Адият "Үзіліске – БІРГЕ!»  жобаларын ұсынды. Біздің балалар "Мектеп балалар көзімен" әлеуметтік жобалар байқауының жеңімпаздары атанып, өз жобасын іске асыруға 3 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапатталды.

 «Үзіліске – БІРГЕ!» жобаның идеясы көп қырлы. Оның құрамдас бөліктерінің бірі - білім беру процесінің барлық қатысушыларының ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың санасы мен көзқарасының өзгеруі, сондай-ақ үзіліс-интеграция мен әлеуметтену үшін сабақтан тыс жұмыстың жетекші түрі, балалардың қажетті материалмен арнайы жабдықталған ортада жайлы демалуы.

Жобаның мақсаты:

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды одан әрі табысты әлеуметтендіру үшін оларды оқыту мен тәрбиелеуге қолайлы жағдайлар жасау.

Тапсырмалар:

- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мектебінде басқа балалармен өзара іс қимыл және ынтымақтастық үшін жабдықталған орта құру;
- арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға үзілістегі ойын әрекеті арқылы бейімделуге көмек көрсету;
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оның белсенді қатысушылары ретінде ойын және шығармашылық қызметке тарту;
- оқу процесінің барлық оқушыларының бейімделу және әлеуметтік интеграция процесінің тиімділігін қамтамасыз ету;
- білім беру процесіне қатысушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен толерантты қабылдауы мен қарым-қатынасын қалыптастыру.

WhatsApp_Image_2023-06-05_at_14.37.325.jpegWhatsApp_Image_2023-06-05_at_14.37.31.jpeg

ЮНЕСКО клубының мәртебесі

ЮНЕСКО Қазақстан Ұлттық клубтар федерациясы Басқармасының 2023 жылғы 26 сәуірдегі кезекті отырысының шешімімен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі" КММ ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді.