Рады привествовать вас на нашем сайте!

Құрметті ата-аналар! Назар аударыңыз!

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы балаларды 10-сыныпқа қабылдау туралы хабарлайды.

      ҚР БҒМ 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары" 2-тарауының 12-тармағына сәйкес жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылады, және білім алушылардың жеке өтініші, не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, сондай-ақ негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың болуы негізінде. Өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 15 тамызына дейін жүргізіледі".
Screenshot_112.png

Жазғы мектеп

2023 жылғы 1 тамыздан 25 тамызға дейін №12 жалпы білім беретін мектепте мектепке дейінгі ұйымдарға бармаған балаларға арналған "Жазғы мектеп" мектепалды даярлық курстарының жұмысы ұйымдастырылды.

Сабақтар күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 11.00-ге дейін өтеді. Сабақтарды мектеп педагогтары  Г.Д. Аманкулова, М.Р. Ержанова, А.С.Биятова жүргізеді.

TURAQTY JOL

Қайырлы таң, құрметті әріпестер!
Сіздерде барлығы жақсы деген үміттеміз??

Көпшіліктің сұранысына байланысты «TURAQTY JOL» Республикалық экологиялық идеялар мен стаптар фестиваліне Өтініштер қабылдауды 20 шілдеге дейін ұзартатынымызды қуанышпен хабарлаймыз! ♻️ #TuraqtyJol

Бұл жоба эко-стартаптарыңызды жүзеге асыру үшін 5, 3 және 2 миллион? теңге ұтып алудың үлкен мүмкіндігі!

TURAQTY JOL – бұл келесідей аспектілерді жүзеге асырғысы келетін жандарға арналады:
- ресурстарды үнемдеуге мүдделі;
- өзінің стартапын немесе экожобасын жүзеге асыруға;
– еліміздің экология саласындағы жетекші мамандармен тәжірибе алмасуға;
- жаһандық мәселелерді шешуге үлес қосуға.

? Қатысу қолжетімді әрі тегін!

? Іріктеу кезеңіне қатысу үшін байқау ережесіндегі сілтеме арқылы онлайн тіркелу қажет: https://forms.gle/gAikNbyquhkk4vV1

Келесі ережеде көрсетілген критерийлерді орындай отырып, сіз жеңіске жету мүмкіндігіңізді арттырасыз?: https://drive.google.com/drive/folders/1iP-whcV1ARiAbOoIg3OvEBf_ydUgy5UL

Фестивальде өз ойыңызды білдіру және идеяңызды ұсыну мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Ұйымдастырушылар: Казақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясы Алматылық Іскер әйелдер қауымдастығымен бірлесіп, бас серіктес - ЦентрКредит Банкінің қолдауымен өткізілуде.

WhatsApp_Image_2023-06-22_at_10.48.30.jpeg