Рады привествовать вас на нашем сайте!

"Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"

Азаматтық құқықтық сана айлығы және "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында 1-2 сынып оқушылары арасында "Менің құқықтарым әлемі" суреттер байқауы өткізілді. Аталған байқаудың мақсаты: оқушыларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және ҚР Конституциясының басты Заңына деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін ояту.
Байқау нәтижелері бойынша орындар келесідей анықталды:
Бас жүлде-Мартыненко Алина 1а;
1 орын-Жибекбаев Радмир 1б, Муса Али 1б;
2 орын-Ильяс Зиад 2в, Амангалейев Искандер 2 В;
3 орын Кожатаева Эльнара 1Г, Чабан Мирон 1б.
Байқау жеңімпаздары мектеп грамоталарымен марапатталды. Байқауға қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Балаларды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз!. 

Konkurs_1.jpeg Konkurs_3.jpeg Konkurs_9.jpeg
Konkurs_4.jpeg Konkurs_5.jpeg Konkurs_6.jpeg
Konkurs_7.jpeg Konkurs_8.jpeg Konkurs_2.jpeg

Азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында

2023 жылғы 10 қарашада Кәмелетке толмағандар арасындағы азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы шеңберінде "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі" КММ 6 сынып оқушылары үшін Жітіқара қаласы мен ауданының ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Г. К. Досқалиева "Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтары мен жауапкершілігі" профилактикалық әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу тақырыптары: заңдылықты сақтау, мүлікті ұрлаудың алдын алу, отбасындағы мінез-құлық, қоғамдық орындардағы және бұқаралық іс-шаралардағы мінез-құлық ережелері, көшедегі мінез-құлық ережелері, темекі шегудің, алкогольді ішудің, электрондық темекіні пайдаланудың алдын алу және кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені үшін жауапкершілігі. Әңгіме өте қызу және балалар тарапынан үлкен қызығушылықпен өтті. Әңгімелесу барысында балалар ҚР ӘҚБтК (442, 440-баптар), ҚР ҚК 188, 191,194, 293, 273, 297 баптарымен танысты. Сондай – ақ, инспектор адамзаттың басты жауы-есірткі туралы ақпарат берді.

23.11_rabota_1.jpeg23.11_rabota_2.jpeg

Қоршаған ортаны қорғауға барлығы атсалысады!

Қостанай облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және «Neco» экологиялық клуб» қоғамдық қорымен экологиялық тәрбие жөніндегі бірлескен жоба шеңберінде экология туралы роликтер сериясы.@Neco_kst @prirodakostanay @kost__bilim

Видео №1

Видео №2

Видео №3

Видео №4

Видео №5