Рады привествовать вас на нашем сайте!

Азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында

2023 жылғы 10 қарашада Кәмелетке толмағандар арасындағы азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы шеңберінде "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі" КММ 6 сынып оқушылары үшін Жітіқара қаласы мен ауданының ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Г. К. Досқалиева "Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтары мен жауапкершілігі" профилактикалық әңгімелесу өткізді. Әңгімелесу тақырыптары: заңдылықты сақтау, мүлікті ұрлаудың алдын алу, отбасындағы мінез-құлық, қоғамдық орындардағы және бұқаралық іс-шаралардағы мінез-құлық ережелері, көшедегі мінез-құлық ережелері, темекі шегудің, алкогольді ішудің, электрондық темекіні пайдаланудың алдын алу және кәмелетке толмағандардың спирттік ішімдіктерді ішкені үшін жауапкершілігі. Әңгіме өте қызу және балалар тарапынан үлкен қызығушылықпен өтті. Әңгімелесу барысында балалар ҚР ӘҚБтК (442, 440-баптар), ҚР ҚК 188, 191,194, 293, 273, 297 баптарымен танысты. Сондай – ақ, инспектор адамзаттың басты жауы-есірткі туралы ақпарат берді.

23.11_rabota_1.jpeg23.11_rabota_2.jpeg