Рады привествовать вас на нашем сайте!

Изменения в типовых правилах приема от 30.01.2024

"Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 қаңтарда № 33942 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17553 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:

      9-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-2. Бастауыш білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылданатын баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметіне сәйкес портал немесе көрсетілетін қызметті беруші арқылы қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтініші не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші, сондай-ақ негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.

      Өтініштер күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін қабылданады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымшада:

      "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде:

      3-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - бір жұмыс күні.

      ";

      8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

- порталға:
1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.
- көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):
1) "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;
2) жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген "Профилактикалық екпелер картасы" № 065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;
4) баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi.
Тиiстi мемлекеттiк органдар шектеу iс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгiзілген, белгiлi бiр аумақта әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда шектеу шараларын алып тастау, төтенше жағдайды тоқтату шаралары қабылданға дейін № 065/у және № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтамаларды осы аумақтағы көрсетілетін қызметті алушылар тікелей білім беру ұйымына қажеттілігіне қарай береді.

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрі

Г. Бейсембаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы баяндаманы қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша қорытынды

2023 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы баяндаманы қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша қорытынды

 

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі " КММ

1. Жария талқылауды өткізу күні: 2024 жылғы 8 қаңтардан 12 қаңтарға дейін.

2. Жария талқылауды өткізу тәсілі: мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есепті https://school-12.edu.kz ресми интернет-ресурсында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі" КММ "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде орналастыру.

3. Жария талқылауды өткізу туралы хабарлау тәсілі: "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі" КММ ресми интернет-ресурсында хабарландыруды орналастыру

4. Жария талқылауға қатысушылардың ұсыныстарының және (немесе) ескертулерінің тізбесі: ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

№ п/п

Жеке тұлғаның ТАӘ, ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізген ұйымның атауы

Жария талқылау шеңберінде келіп түскен ұсыныстың және (немесе) ескертпенің қысқаша мазмұны

Ұсынысты (немесе) ескертуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәліметтер

Ұсыныстарды және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау жөніндегі негіздемелер

Ескерту

1

2

3

4

5

6

-

-

-

-

-

-

Қосымша ақпарат: жоқ 

Директор                              С. Маликова

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі "  КММ қызметі туралы есеп

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі "  КММ қызметі туралы есеп

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес №12 жалпы білім беретін мектеп 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді

(Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтарға/сыныптарға) арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау, Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына (арнайы сыныптарға)бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау, Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну, Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру).

3 мемлекеттік қызметтер баламалы негізде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің арнаулы ұйымдарына (арнаулы топтарға/сыныптарға) қабылдау, денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау орта, жалпы орта білім беру (арнаулы сыныптар), негізгі орта жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру) қағаз түрінде көрсетіледі.  Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер тегін негізде ұсынылады.

2023 жылы №12 жалпы білім беретін мектепте 265 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 242-сі электрондық форматта, бұл 91% - құрайды, 23-і қағаз форматта көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес көрсетіледі, 2023 жылдың өткен кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылардан №12 жалпы білім беретін мектептің атына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиімді жұмыс жасау мақсатында мектеп әкімшілігі келесі жұмыс түрлерін жүзеге асырды:

1.      Мектеп әкімшілігі арасынан мектеп бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар бұйрықпен бекітілді.

2.      Нормативтік – құқықтық базаны зерделеу және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін тұрақты негізде жетілдіру;

3.      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: ақпарат әлеуметтік желілерде мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру түрінде жарияланады және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі" КММ ресми сайтында орналастырылады: http://school-12.edu.kz

4.      Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары): директордың жанынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі;

5.      Тұрақты негізде әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат жарияланады;

6.      Мектептің қабылдау бөлмесінде ата-аналарға өтініш беруге көмектесу үшін "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" (компьютер, принтер, сканер) жабдықталған;

7.      Ақпараттық тақтада мектеп көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер жарияланған;

8.      Келешекте мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты әкімшіліктің қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуі.

Ұсыныстарды мекенжайға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

немесе 8(71435) 23847 нөміріне жіберу