Рады привествовать вас на нашем сайте!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі "  КММ қызметі туралы есеп

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі "  КММ қызметі туралы есеп

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес №12 жалпы білім беретін мектеп 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді

(Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарына (арнайы топтарға/сыныптарға) арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау, Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау, Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына (арнайы сыныптарға)бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау, Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну, Мемлекеттік білім беру мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау және жолдамалар беру, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру).

3 мемлекеттік қызметтер баламалы негізде көрсетіледі (құжаттарды қабылдау және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің арнаулы ұйымдарына (арнаулы топтарға/сыныптарға) қабылдау, денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау орта, жалпы орта білім беру (арнаулы сыныптар), негізгі орта жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру) қағаз түрінде көрсетіледі.  Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметтер тегін негізде ұсынылады.

2023 жылы №12 жалпы білім беретін мектепте 265 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның 242-сі электрондық форматта, бұл 91% - құрайды, 23-і қағаз форматта көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтер қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес көрсетіледі, 2023 жылдың өткен кезеңінде көрсетілетін қызметті алушылардан №12 жалпы білім беретін мектептің атына шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиімді жұмыс жасау мақсатында мектеп әкімшілігі келесі жұмыс түрлерін жүзеге асырды:

1.      Мектеп әкімшілігі арасынан мектеп бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар бұйрықпен бекітілді.

2.      Нормативтік – құқықтық базаны зерделеу және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін тұрақты негізде жетілдіру;

3.      Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер: ақпарат әлеуметтік желілерде мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру түрінде жарияланады және Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Жітіқара ауданы білім бөлімінің №12 жалпы білім беретін мектебі" КММ ресми сайтында орналастырылады: http://school-12.edu.kz

4.      Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары): директордың жанынан мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі;

5.      Тұрақты негізде әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат жарияланады;

6.      Мектептің қабылдау бөлмесінде ата-аналарға өтініш беруге көмектесу үшін "Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" (компьютер, принтер, сканер) жабдықталған;

7.      Ақпараттық тақтада мектеп көрсететін барлық мемлекеттік қызметтер жарияланған;

8.      Келешекте мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты әкімшіліктің қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру курстарынан өтуі.

Ұсыныстарды мекенжайға Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

немесе 8(71435) 23847 нөміріне жіберу